г. Нур-Султан, ул. Кунаева, 12/1, ВП 16 (карта)

Пресса о нас

Вы находитесь здесь:Главная/Пресса о нас/Күрделі жөндеу басталды
Среда, 13 мая 2020 08:41

Күрделі жөндеу басталды

Күрделі жөндеу жұмысының алғашқы толаскезіне Қызылорда ЖТ және Магистральдық желі бөлімшелерінің директорлары Аманкелді Арысбаев пен Ибраким Басықараев, магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Ербол Оңғарбаев, телім басшысы Нұрболат Сақтағановтар және Қызылорда жол дистанциясы басшылығы түгел жиналып, жөндеу жұмысына бақылау жасады.

Күрделі жөндеу жұмыстарын атқарушы мердігер компания «Integra Construction KZ» серіктестігі - Батыс дирекциясының ұжымы. Аймақта биыл жүргізілетін күрделі жөндеу жұмысы Шиелі станциясы мен №20 бекет теліміндегі тақ жолдың 2930-2940-шақырымдары аралығында өткізілуде. Күрделі жөндеу жасау жұмыстарын жасаушы аталған компанияның атқарушы директоры Дәурен Сұлтамұратовтың мәлімдеуінше, олар бекітілген уақытта жұмыстарды толық аяқтауды көздеп отыр. Ол үшін серіктестіктің жөндеу жұмысына қажетті құрал-сайман техникасы, ауыр жол машиналары кешенді түрде жұмыс жасауда.

– Биылға жоспарланған 27 км жолды күрделі жөндеу жұмысына мамыр айының төртінде алғашқы толаскез беріліп, 1,5 шақырым жолға отандық өнімнің жаңа рельсі төселді. Жөндеу жұмысын жүргізуші «Integra Construction KZ» компаниясы бұл салада кәсіби болып табылатын, сенімді серіктес, сондықтан сапасына күмән келтірмейміз. Десек те, біздің тарапымыздан тексеру мен бақылау міндетті түрде болады. Бұдан кейін Сұлутөбе-Керкелмес бекеттері арасындағы жолдар да күрделі жөндеуден өткізіледі, - деп ақпар берді Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев.

Күрделі жөндеуге қажетті ауыр жол машиналары ВПО, ЛБ және МРД арнайы техникалары, ескі рельстерді жинастырып жаңасын төсеуге қажетті УК-25/18 крандары, жол төсемін сүріп қайта жаюға жұмылдырылатын бірнеше SD22 және Ч2К маркалы ауыр тракторлар мен өзге де қосалқы техникамен толық қамтылған серіктестіктің 9 ауыр жол машинасы, 13 автотрактор мен 105 теміржолшы мамандары күрделі жөндеу жұмысына жұмылдырылған.

Оған қоса Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің мамандары мен Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары жолдың технологиялық талапқа сай болуы үшін тәулік бойы күрделі жөндеу өткізіліп жатқан телімдерде бақылау жасауда.

Алғашқы толаскезді сәтті өткізген аймақ теміржолшылары жолды ашып, жылдамдықты алғашында 25км/сағатқа, одан кейінгі мерзімге жол жылдамдығын 60 км-сағатқа белгіледі.

 

Источник:https://railnews.kz/kz/news/7202/?fbclid=IwAR2oEBdm65C2R_KuxE8jrxHE0eIWW_7G8UEJoHTjk_QG-kwsxwye7CpBhX4

© 2020 Товарищество с ограниченной ответственностью «Integra Construction KZ» Все права защищены. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Адрес: г. Нур-Султан (Астана), ул.Кунаева, 12/1, ВП 16 (карта)

Please publish modules in offcanvas position.