Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

БАҚ біз туралы

Сіз осындасыз:Бас бет/БАҚ біз туралы/Алматы1 - Шу темір жолы құрылысына тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған рельстер төселді
Бейсенбі, 07 Сәуір 2016 11:13

Алматы1 - Шу темір жолы құрылысына тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған рельстер төселді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы-1 - Шу темір жолы бөлігінде жүргізіліп жатқан екінші темір жол құрылысына тұңғыш рет салтанатты түрде отандық өндіруші - Ақтөбе рельс-арқалық зауытының рельстері төселді. Алғашқы рельс төселген соң, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президенті Асқар Мамин қолдарына 41-ші өлшемді кілтті алып, екі рельстің жігін ұстап тұратын қаптаманы бекітті.

Өз сөзінде «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президенті Асқар Мамин Алматы-1 - Шу участогындағы екінші темір жол құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқандығын айтты.
«Бұл екінші жол, жылжымалы құрамның өнімділігін арттыруға, энергетикалық шығындарды азайтуға және пойыздардың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба жүзеге асырылған соң, участоктың өткізу мүмкіндігі 3,2 есеге артады, ал жүк пойыздарының өткізілуі тәулігіне 68 пойызға дейін көбейеді», - деді А. Мамин

shu1 almaty

Алматы-1 - Шу участогында барлығы 110 шақырымдық темір жол магистралы және 10 шақырым стансалық жолдар салынады. Қазір, 16 көпір мен 80 су құбырын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Источник http://www.kazinform.kz/kaz/article/2890001

Фото АО "НК "КТЖ"

© 2020 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Нұр-Сұлтан (Астана) қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.