Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Жаңалықтар және оқиғалар

Сіз осындасыз:Бас бет/Жаңалықтар және оқиғалар/Almaty Triathlon 2015
Бейсенбі, 01 Қазан 2015 07:23

Almaty Triathlon 2015

"Жол жөндеуші" компаниясы» ЖШС қолдауымен қазақстандық әуесқой спорт тарихындағы алғашқы триатлон бойынша чемпионат  Almaty Triathlon 2015 өткізілді.  Жарысқа Қазақстаннан, Ресейден, Қырғызстаннан және Батыс Еуропадан 120 астам адан қатысты.

Ұзақ күткен спорт мерекесі 27 қыркүйекте Алматыда шараның бас демеушісі және  келесі қашықтықтардағы ерлер және әйелдер арасында барлық жас санаттарындағы жүлделі номинациялардың құрылтайшысы – «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС белсенді қатысуымен өтті:

  жүзу веложарыс бег
Супер Спринт* 350 м 10 км 2,5 км
Спринт** 750 м 20 км 5 км

Almaty Triathlon 2015 ұйымдастырушысы Муратхан Токмади басшылығымен, Қазақстан Әуесқой триатлон федерациясы (ҚӘТФ) болды. ҚӘТФ Президиумы жарыстарды өткізу кезінде ұжымдық рухты және бірлескен жұмысты көрсетті. Төрешілікте және нәтижелерді тіркеуде кәсіби қолдау көрсетті: «Алматы Марафон» ұжымы және спорт шебері, Азия чемпионы Валихан Тен. Жарыстың сенімді қарқынына IronMan атағын жеңіп алған және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте қатысқан, тәжірибелі әуесқой спортшылар Талгат Кожахметов және Мадина Умбетова бастама берді. Almaty Triathlon 2015 жарысын халықаралық сынақтарға бақылау-дайындық кезеңі ретінде  қарастырып, триатлон бойынша жасөспірімдер және балалар құрамалары осы жарысқа зор қызығушылық танытты.   

Спорт мерекесі әр түрлі мамандықтың, жастың және көзқарастардың өкілдері болып табылатын, бірақ әуесқой триатлонның біртұтас рухымен, спорттық құмарлықпен және жеңуге құлшыныспен біріккен адамдардың қарым-қатынасына арналған өзіндік алаңға айналды. Әуесқой спорт түрлері бүгінгі күні қарқынды дамуда, жаттығу және жарыстар үрдісіне көптеген адамдар тартылуда. Чемпионаттың ең жас қатысушысының жасы 12 жасты құрады, ең үлкен қатысушы – 68 жаста.
Жарыстардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен қатар, "Жол жөндеуші" компаниясы» триатлонның сыр-қырларын енді ұғына бастаған, бірақ жарыс жолында ерік-жігермен айқасқа түскен, ең жас спортшыларды – Аружанды және Даниилды марапаттауға қуанышты болды. Жас дарындарды тәрбиелеу – әуесқой спорттың және спорттық қозғалыстың барлық қатысушыларының негізгі міндеті.

2
1
3
5
4
6
7
8

Әуесқой Триатлон федерациясы Қазақстанның спорттық қозғалысын дамытуда және  Almaty Triathlon 2015 чемпионатын өткізуде белсенді қатысуы үшін «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС бас директорына, сонымен қатар қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыруда қолдау көрсеткені, жарыстар өткізілген уақытта көшелерді жапқаны үшін Алматы қаласының Әкімдігіне айрықша алғысын білдірді.

«Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС чемпионаттың жеңімпаздарын және барлық қатысушыларын спорт мерекесінің сәтті аяқталуымен құттықтайды.

Фотоматериалдар http://vesti.kz/http://rus.azattyq.org/, Balzhan Baltasheva (RFE/RL)

Прочитано 3324 раз
© 2020 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Нұр-Сұлтан (Астана) қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.