Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Жаңалықтар және оқиғалар

Сіз осындасыз:Бас бет/Жаңалықтар және оқиғалар/ТОП-30 – кадрлық резерв
Жексенбі, 24 Шілде 2016 11:24

ТОП-30 – кадрлық резерв

 «Менеджмент. Стратегиялық және операциялық жоспарлау. Таймменеджмент»  тақырыбындағы тренингті Мәскеуден келген кәсіби бизнес-коуч - Элеонора Николаевна Набат өткізді. Ол қызметкерлерді дамыту блйынша кеңесші, педагогика ғылымдарының кандидаты, Имиджеолоргия академиясының корреспондент мүшесі, модератор, іс-шаралар скипері, РХДУ ҚКБИ ІӘШ курстарының оқытушысы, халықаралық коучинг академиясының (МАК) оқытушысы, Ресейлік бренд FMCG компаниясының оқу орталығының жетекшісі, Ресей Басқару мектебінің оқытушысы, “OPEN MIND” бизнес-мектебінің бас директоры.

Элеонора Николаевна тренингті қол жетімді және түсінікті түрде өткізді. Оқу тақырыбы шеңберінде ол өз білімі мен тәжірибесімен дәрісхананы 100% қамти алды. Атап айтқанда тренингте бизнес-ойын элементтері және бизнес ынталандыру, тәжірибелік жаттығу жиналыстары және үй тапсырмалары, әр басшының жұмысы барысында кездесетін басқару міндеттерін тәжірибелік шешу болды. Сабақ бір деммен өтті және үш оқу күні байқалмастан жылдам, әрі нәтижелі өтті.

Тренинг нәтижелері бойынша резервтегілер еңбегінің тиімділігі артып, time-менеджмент бойынша меңгерген дағдыларын тәжірибелік пайдалану, міндеттер белгілеу, тиімді қатынас және жұмыс барысындағы көшбасшылық пен әрі қарайғы даму тиімділігі жоғарылайды деген сенімдеміз.

«Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС бірінші жарты жылдықта «ТОП-30 Перспективті қызметкерлерге» үміткерлерді іріктеу өткізгенін естеріңізге саламыз. Кадрлық резерв бағдарламасы шеңберінде 30 қызметкерді орталық аппаратқа, компания филиалдары мен дивизиондарына басқарушы лауазымдары дайындау жоспарланған. Резервтегілердің әр қайсысы дербес дайындықтан өтеді, біліктілігін арттырып, көшбасшылық қасиеттерін дамыту бойынша тренингтерге қатысады.

Прочитано 3548 раз
© 2020 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Нұр-Сұлтан (Астана) қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.