Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Жаңалықтар және оқиғалар

Сіз осындасыз:Бас бет/Жаңалықтар және оқиғалар/Үздік жұмыс берушілер қатарында
Бейсенбі, 15 Қазан 2015 06:59

Үздік жұмыс берушілер қатарында

23 номинант арасында "Жол жөндеуші" компаниясы» ЖШС  "HR-бренд Қазақстан 2015» сыйлығын алу үшін өз жобасын ұсынды.

2015 жылғы 14 қазанда Алматы қ. «Бақшасарай» қабылдау үйінде HeadHunter Қазақстан компаниясымен ұйымдастырылған ЖШС  "HR-бренд Қазақстан 2015» тәуелсіз жыл сайынғы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.   "Жол жөндеуші" компаниясы» ЖШС өкілдеріне сыйлықта қатысқаны үшін сертификат берілді, ал компания жобасы  "HR-бренд Қазақстан 2015» журналының беттерінде жарық көрді.

 

1

Сыйлық үздік отандық HR-дайындамаларды ұсынудың және тәжірибе алмасудың керемет мүмкіндігіне айналды. "Жол жөндеуші" компаниясы» ЖШС әкімшілік және кадрлық мәселелер бойынша орындаушы директоры,  Гульзада Толебаева айтып өткендей, бүгінгі күні әр жұмыс беруші қызметкерлердің барлық күш-қуатымен жұмыс жасауға ұмтылуын қалайды. Осы үшін барлық қызметкерлер компания істеріне тартылып, оның жоспарларын және мақсаттарын бөлісу керек, қойылған міндеттерді орындау кезінде белсенділік таныту керек және жаңа идеяларды ойлап табуышыларға айналу керек.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2014-2015 жж. дүниежүзілік дағдарыс жағдайында қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жақсартуға арналған «Жаңа көкжиектерге» жобасы әзірленді және жүзеге асырылды. Ол аумағы бойынша компания филиалдары орналасқан, біздің қызметкерлер жұмыс жасайтын ҚР барлық дерлік облыстарын қамтыды және «Қазақстан» сыйлығының номинациясында ұсынылды.

2

Жоба тиімді жұмыс, бизнесті дамыту және кеңейту үшін жағымды жағдай жасауға мүмкіндік берді. Еңбек өнімділігі жақсартылды, мамандар аққыштығы төмендетілді, өндіріс көлемдері арттырылды. Әлеуметтік қолдау бағдарламаларына, корпоративтік шаралардың жүргізілуіне арналған компания бюджеті ұлғайтылды. Жоба қызметкерлерге рационализаторлық қозғалысқа арналған алаңды қамтамасыз етті, оның аясында тек 2014 жылы 50 астам идея ұсынылды, олардың енгізілуінен алынған экономикалық әсер 9 млн. астам теңгені құрады.  

"Жол жөндеуші" компаниясы» ЖШС жұмыс жасаған жылдары отандық еңбек ресурстарының нарығында өзін тартымды және сенімді жұмыс беруші ретінде танытты. Компания "СЕНІМ-2014" Қазақстанның үздік жұмыс берушісі байқауында «Ең озат өндірістік жұмыс беруші компания, қызметкерлер саны 2000-нан астам» номинациясында жеңімпаз атанды. Компания көлік құрылысында маманданады, үдерісті, тиімді және әлеуметтік-бейімделген кәсіпорын болып табылалды.

 

Прочитано 2731 раз
© 2020 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Нұр-Сұлтан (Астана) қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.