Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Жаңалықтар және оқиғалар

Сіз осындасыз:Бас бет/Жаңалықтар және оқиғалар/Кунг-фудан Бірінші Халықаралық Азия Чемпонаты
Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016 10:22

Кунг-фудан Бірінші Халықаралық Азия Чемпонаты

Қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі Чемпионатқа қатысуының ұйымдастырушысы ҚР кунг-фу Қауымдастығы болды. Команданың құрамына тәжірибелі жауынгерлер, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары кірді: Жандос Мадехиянов, Алтынбек Бажимов, Алтынбек Бахтыгельдинов және Бауыржан Куанышбаев.

"Қауымдастық Чемпионатқа өздерінің салмақ санаттарында жүлделі орындарды иелене алатын команданың күшті құрамын жіберді. Бұл бірден халықаралық деңгейдегі бастама. Біз, белсенді түрде жаттығатын, жарыстарға қатысатын, тәжірибе жинақтайтын және осылайша өздерінің жеңістік артықшылықтарын ұлғайтатын балуандарымызға сенім артамыз", - деді Гаджи Гаджиев - ҚР Кунг-фу қауымдастығының вице-президенті, "Жол жөндеуші" компаниясы" ЖШС Автокөлік жолдарының құрылысы бойынша дивизионның Басқарушы директоры.

Қауымдастықтың вице-президенті Медет Абжанов бизнес өкілдерінің спорт ұйымын және халықаралық жарыстарға даярлық үдерісін басқаруға салым енгізуінің маңызын атап өтті және көрсетіліп жатқан қолдау үшін компанияның басшылығына алғысын білдірді.

Халықаралық кунг-фу Қауымдастығының (Қытай) танылған мүшесі – ҚР кунг-фу Қауымдастығы жақында құрылды, бірақ бірінші күннен бастап республикада жекпе-жектің осы түрін дамыту бойынша белсенді жұмысты бастап кетті. Оның құрамында қазірдің өзінде Астана, Алматы, Павлодар және Қарағанда қалаларындағы төрт өңірлік өкілдік жұмыс істеуде. Қазір Қазақстанның басқа өңірлерінде де филиалдарды ұйымдастыру жұмысы атқарылуда.

"Жол жөндеуші" компаниясы" ЖШС, республиканың халқы арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектесе отырып, Қауымдастықтың дамуын және кәсіпқой спортшылар мен әуесқой спортшылар арасында жалпы спорттың дамуын қолдап-қуаттайды. Біздің үлгімізді ұстаныңыз!

Сурет ҚР Кунг Фу Қауымдастығы тарапынан ұсынылды

Прочитано 3001 раз
© 2020 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Нұр-Сұлтан (Астана) қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.