Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Жаңалықтар және оқиғалар

Сіз осындасыз:Бас бет/Жаңалықтар және оқиғалар/Сербиядағы қазақстандық кәсіпорын
Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 10:18

Сербиядағы қазақстандық кәсіпорын

8 ақпанда Сербияның Экономика министрлігінде СР Экономика министрі Г.Кнежевичтің, сондай-ақ мәміле қатысушылары - «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС мен ZGOP a.d. Novi Sad ресми өкілдерінің қатысуымен келісімшартқа қол қойылды. «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС атынан Бас директор Хурам Мурадов өкілдік етті.

Келісімшарт екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасына айналады және Қазақстан мен Сербияның сауда-экономикалық байланыстарын нығайтады. Екі ел арасындағы өзара тиімді қатынастардың толығымен іске асыруды қажетсінетін жеткілікті әлеуеті бар.

Қазақстандық компания Сербиядағы ZGOP a.d. Novi Sad компаниясының еншілес кәсіпорнына үлкен рөл берілген дамудың жаңа жолын ашады. 2011 ж. бастап қайта құрылымдау процесінде болған, сатып алынған компанияның штаты 250 қызметкерді құрайды. Австрия, Ресей, ҚХР, Франция және Түркия елдерінің компаниялары оны сатып алуға қызығушылық танытты. Жергілікті экспорттаушылардың пікірі бойынша, бұл компанияның тартымдылығы Сербия халықаралық несиелерді, соның ішінде өз темір жолдарын қалпына келтіру үшін Еуропа қайта құру және даму банкінен несие алғанында болып табылады.

«Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС көпжылдық жұмысы барысында құрылыс саласында әсерлі нәтижелерге жете білді, әріптестер мен қызметтерге тапсырыс берушілердің сенімін ақтап және құрметін иеленіп, қомақты абырой иелене алды. Бұған қоса компания автомобиль жолдарын қалпына келтіру мен салу, сондай-ақ ұшу-қону жолақтарын салуды және теңіз порттарын дамытуды қоса алғанда, көлік-логистикалық кешеннің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді. Компанияда жоғары білікті инженерлерді және жобаларды басқару бойынша халықаралық сертификаттауға ие қызметкерлерді қоса алғанда, бір жарым мыңнан астам маман жұмыс жасайды.

Компания халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істейді және Ресейдің, Таяу Шығыс пен Еуропаның нарығында өзіне жаңа перспективалар ашады. 

Прочитано 3955 раз
© 2020 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Нұр-Сұлтан (Астана) қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.