«Integra Construction KZ» ЖШС – өз қызметін сапа менеджменті ISO 9001:2015, қоршаған ортаны қорғау ISO 14001:2015 және еңбек қорғау OHSAS 18001:2007 (ISO 45001 ) салаларындағы халықаралық стандарттарға қатаң сәйкестікте жүзеге асыратын өркендеп келе жатқан, тиімді әрі әлеуметтік-бағдарланған кәсіпорын, бұған серіктестікке сертификаттау жөніндегі ең беделді органдардың бірі - «Astraia® Certification, s.r.o.» берген сәйкестік сертификаттары куә.
Серіктестік келесі қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік лицензияларына ие:
- жобалау-іздестіру қызметі;
- І санаттағы жобалау қызметі;
- ІІ санаттағы жобалау қызметі;
- І жауапкершілік санатындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары;
- ІІ жауапкершілік санатындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары;
- теміржол көлігі саласында жүк тасымалдау.