«Integra Construction KZ» ЖШС темір жолдарды, автомобиль жолдарын салуға, қайта құру мен жөндеуге және көлік-логистикалық кешеннің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға маманданған.
«Integra Construction KZ» ЖШС – магистралды, өнеркәсіптік және кірме темір жолдардың жоғарғы жол құрылыстарын қайта құруды және оларды жөндеудің барлық түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа темір жол желілерінің бірінші салушысы.
Компания заманауи құрылыс техникасы мен жабдығының толық кешеніне ие, аттестацияланған құрылыс зертханасына, ұсақтас өндіретін зауытқа, кәсіпқойлар командасына ие және Ақтөбе рельс-арқалық зауыты кейпіндегі сенімді серігі бар.
Компания Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде жоғары деңгейдегі сапалы әрі оперативтік жұмысты жүзеге асырады.
Компанияның тарихы
1998 ж. – «Қазақстан темір жолы» РМК 1998 жылғы 23 маусымдағы №527 бұйрығымен «Ремпуть» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құрылды.
1999 ж. – ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен «Ремпуть» ЕМК құрамынан 10 жол машина стансасын (ЖМС) және Жоламан ұсақ тас зауытын бөліп алу жолымен «Ремпуть» ААҚ құрылды.
2001 ж. – «Ремпуть» ЕМК «Жол жөндеуші» ААҚ болып қайта құрылды.
2005 ж. – «Жол жөндеуші» ААҚ «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС болып құрылды.
Серіктестік жыл сайын магистралдық темір жол желілеріндегі жолдың жоғарғы бөлігі құрылысының күрделі орта және күшейтілген орта жұмыстары бүкіл жұмыс көлемінен 70%-ын орындайды.
2007-2017 ж.ж. Компания Жем-Жаңажол, Жетіген-Қоргас, Арқалық-Шұбаркөл, Жезқазған-Сексеуіл, Алматы-1-Шу,"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭАҚұрғақ Порты, "Астана" темір жол түйінін дамыту, "Нұрлы жол" вокзал кешені, Құрық порты және тағы басқа құрылыстарға қатысқан.